Еліміздің жас лингвистері тарихи нәтижемен елге оралды

04.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Румынияның Бухарест қаласында өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиададан елге оралған Қазақстан құрамасын қарсы алып, жетістіктерімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Лингвистикадан халықаралық олимпиадада қатысушылар әлем тілдерінің құрылымы мен заңдылықтарына негізделген күрделі тапсырмаларды орындайды. Мұнда тілдік біліммен қатар логикалық ойлау, талдау және жасырын заңдылықтарды анықтау қабілеті сыналады.

Министрлік мәліметінше, биыл Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де марапатқа ие болды:

Шыңғыс Карасаев қола медаль иеленді;

 Рамазан Бутантаев, Аслан Ажибаев және Кирилл Тургумбаев Құрмет грамоталарын иеленді.

Осылайша, Қазақстанның аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет ұлттық құраманың барлық мүшесі марапатқа ие болды.

Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.

Қарсы алу сәтінде оқушылардың қуанышын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылығы, ұстаздары, ата-аналары мен достары бірге бөлісті.

 Бұл жетістік - дарынды балаларды қолдауға және олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың, оқушылардың табандылығының, құрама жетекшісі мен педагогтердің кәсіби еңбегінің, сондай-ақ ата-аналардың қолдауының нәтижесі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью