24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанның блокчейн, Fintech және жасанды интеллект салаларындағы жетістіктері арта түседі. Президенттің АҚШ-қа жасаған сапары аясында еліміздің аймақтық цифрлық инновациялар орталығы ретіндегі рөлін нығайтатын құжатқа қол қойылды.
Еліміз ашық әрі инновациялық цифрлық экономиканы қалыптастыруда айтарлықтай жетістікке жетті. Осы әріптестік арқылы халықаралық тәжірибелерге қол жеткізіп, жергілікті өнертапқыштардың жаһандық Web3 экожүйесімен байланысуына жол ашылады. Демек сала мамандары өз жетістіктерін халықаралық платформада жариялап, тәжірибе алмаса алады. Айта кетейік, Cointelegraph - блокчейн, криптовалюта және цифрлық технологиялар туралы мәлімет тарататын әлемдегі жетекші басылымдардың бірі.
Аңсар Әмірин, Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті цифрлық активтер индустриясын дамыту басқармасының бас сарапшысы:
- Cointelegraph пен арадағы келісім зор мүмкіндіктерге жол ашады. 2013 жылы құрылған бұл медиа Web3 әлеміндегі басты жаңалықтар мен үрдістерді, сондай-ақ инновациялар жайлы материалдарды жариялайды. Бүгінде Cointelegraph компаниясының АҚШ, Еуропа және Азияда кеңселері бар, ал оның аудиториясы әлем бойынша миллиондаған оқырманды қамтиды.