Еліміздің ЖОО ларында 700 ге жуық оқу бағдарламасы жабылады

27.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оның сөзінше, министрлік еnbek.kz платформасы арқылы 73 мыңнан астам кәсіпорындарға сауалнама жүргізген. Нәтижесінде, алдағы бірнеше жылда зейнетке шығатын мамандар және жаңадан келіп жатқан жас қызметкерлер, яғни еңбек күші жөнінде толық мәлімет жиналған.

Сонымен бірге, сұраныстағы және сұраныстан шығып қалған мамандықтар нақтыланған.

— Сауалнама негізінде 8500 оқу бағдарламасын сараптап жатырмыз. 1-2 аптада бұл жұмыстар аяқталады. 700-ге жуық оқу бағдарламасын жабуға тура келеді. Бұл, әрине, салада ауыртпашылық туғызады. Кей ректорлар не профессорлар «25-30 не 40 жылдан бері оқытып келе жатқан бағдарламамызды қалай бұлар жабады?!» — деуі мүмкін. Бірақ олардың мазмұны ескірген, сапасы да жоқ. Толық аудиттің арқасында осыны анықтадық, — деді министр.

Бұл бағдарламалар бойынша, оқып жатқан студенттер оқуын толық аяқтайды. Бірақ бұдан кейін аталған мамандықтарға жаңа қабылдау жүргізілмей, жабылады.

Саясат Нұрбектің сөзінше, бұл жұмыстар биыл басталады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде студенттерге қанша жатақхана орны жетіспейтінін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью