Елімізге келуші корейлер саны артты

28.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл Қазақстанға келетін оңтүстік кореялықтардың саны рекордтық деңгейге жетеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Жаһандық қалалық туризм саммитінде «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының департамент директоры Айнұр Жұматаева хабарлады. Оның айтуынша Қазақстанға сапарлаушылардың  көбеюіне визасыз режим мен тұрақты әуе рейстерінің артуы әсер еткен. 

Сеул мен Пусаннан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына төрт әуе компаниясы тұрақты рейстер орындайды. Кореялық туристерді әсіресе треккинг, гольф және тау-шаңғы курорттары қызықтырады. Пусанда өткен кездесуде екі елдің  ұлттық туризм ұйымдарының өкілдері ынтымақтастық жайын талқылады. Форум қатысушылары туристік бағыттарды ілгерілету және мәдени алмасуды дамыту мақсатында Сеул мен Орталық Азия елдерінің астаналарында бірлескен роуд-шоулар мен көрмелер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Айнұр Жұматаева, «Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясының департамент директоры:

-  Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бергі тоғыз айда елімізден сапарлаушылар саны  41 мыңға жетті. Демек жыл соңына дейін Қазақстанға баратын кореялықтар қарасы сөзсіз артады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью