Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Құжатқа сәйкес, тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін алмаларға да қатысты болады.
Министрлік мұндай шешімнің мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау және олардың өнімінің тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету екенін мәлімдеді.
Апорт алмасы қайта жаңғыруда: Қазақстанда жаңа бақтар 110 гектарға дейін кеңейеді
Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәлімет бойынша 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан ТМД елдерінен шамамен 6 550 тонна алма мен алмұрт импорттаған. Бұл екі өнім сыртқы сауда статистикасында бір тауар коды бойынша есепке алынады.
Импорттың ең үлкен көлемі Қырғызстаннан келген. Шамамен 2 мың тонна. Сонымен қатар алма мен алмұрт Ресей, Әзербайжан және Өзбекстаннан жеткізілген.
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды
Ал 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өзге мемлекеттерден Қазақстанға 50 мың тоннаға жуық алма мен алмұрт импортталған. Оның төрттен бірі Қытайдан жеткізілсе, ең ірі жеткізуші Польша болды. Бұл елден Қазақстанға 28,7 мың тоннаға жуық өнім әкелінген.