Еліне де, еріне де қызмет еткен

23.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сурет: aikyn.kz

Әлия Сәрсенқызының өмірі – елге де, ерге де қызмет етудің үздік бір үлгісі. Ұлттық ғылым академиясының академиктігіне жеткізген, Мемлекеттік сыйлықпен аталып өткен аса құнды зерттеулерінің, жоғары мектепке, экологияға сіңірген ерен еңбегінің сыртында апайымыздың ойы да, бойы да тұнып тұрған тағылым болатын.  Ғалым ретіндегі, ұстаз ретіндегі қымбат қасиеттеріне қоса, Әлия апайымыздың өмірінен отбасының бақытына, берекесіне, қуанышына, азамат­тың алтын басын ардақтауға қатысты алар өрелі өнеге көп-ақ. 

«Әлия – шын мағынасында, менің шаңырағымның иесі ғана емес, оны құрушы, менің бүкіл өмірімді, тұрмыс-тіршілігімді жасаушы және ұйымдастырушы. Ол отбасының қызығын, менің жаңа өмірімді де өзі жасады» – «Өмір тағылымдарында» академик Серік Қирабаев осылай жазған еді. Әрі қарай  жалғыз өсіп, анасыз, басқа отбасында тәрбиеленгенін айтып келеді де, «Осындай бір қызығы жоқ сұрқай өмірден мені сүйреп алып шығып, шын өмірдің қандай болатынын, «өмірдің қызығы» дегеннің не екенін танытқан,  сөйтіп менің өмірімді жаңартқан, жаңғыртқан осы Әлияшым еді. Алғашқы көргенде күн сәулесіндей жарқ етіп, жабырқау көңіліме жан бітірген оны мен көргенше, кездескенше асығушы едім. Өмірге құштарлық деген осылай оянды» деп бір түйіп қояды. Мұндай сөзді бүгінгі жастар біле жүруі керек.

Алла алдынан жарылқасын. Топырағы торқа болсын.

Сауытбек АБДРАХМАНОВ 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью