Елизавета Голубева Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды

21.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әйелдер арасында конькимен жүгіруде масс-старт сынында Елизавета Голубева ел намысын қорғады. Қортындысында, отандасымыз 8 минут 44.66 секунд уақыт көрсеткішімен мәре сызығын жетінші болып кесіп, 3 ұпай еншіледі.

Ережеге сәйкес, әр топта 8 спортшы финалға жолдама алады. Осылайша, Елизавета Голубева Астана уақыты 21:15-те ақтық сында жарыс жолына шығады.

Айта кетерлігі, дәл осы сында Қытай құрамасының атынан сынға түсіп жатқан қазақ қызы Ақнар Адаққызы жарыс жолына шығып, өз тобында 10-орынан көрінді. 

Бқған дейін хабарлағанымыздай, Елизавета Голубева әйелдер арасында 1 500 метрге конькимен жүгіруде 7-орын алған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью