Елнұр Бейсенбаев: Ел азаматтары жаңа Конституция ережелерінің 98% ын қолдайды

03.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ел тұрғындары жаңа Конституцияның ережелерінің 98%-ын қолдайды. Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, бұл құжат – еліміздің дамуы мен қоғамның сенімінің айғағы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: amanatpartiasy.kz

Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Жаңа Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінетінін атап өтті. Бұл – әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты жауабы. 

Депутат атап өткендей, жаңа Ата Заңнын өзегінде қоғамдағы келісімді сақтау және өткен қателіктерді қайталамау қағидаты жатыр.

«Конституцияның 2-бабының 1-тармағында Қазақстанның президенттік республика болып қала беретіні және Мемлекет басшысының билік тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететіні нақты көрсетілген. Ал 43-баптың 1-тармағында Президент бір рет, жеті жыл мерзімге сайланатыны бекітілген. Бұл – биліктің монополиялануына жол бермейтін нақты норма. Осы баптың 5-тармағында аталған ереже өзгертілмейтіні жазылған. Осылайша «мәңгі билік» туралы кез келген алыпқашпа әңгімеге тосқауыл қойылады», деді Елнұр Бейсенбаев.

Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады

Сонымен қатар жаңа Конституция Президенттің жақын туыстарының саяси және басшылық қызметтерді атқаруына тыйым салады. Бұл ереже 45-баптың 3-тармағында нақты бекітілген.

«Қазақстан ашық әрі нақты ережелер енгізіп отыр. Бұл шешімді біз 2022 жылғы референдумда қабылдадық және оны жаңа Конституция жобасында қайта бекітіп отырмыз», деді Мәжіліс депутаты.

Комиссия мүшесі азаматтардың мемлекет өміріне араласу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ Конституциядағы құндылықтар мен құқықтық кепілдіктерге ерекше тоқталды.

«Алғаш рет Преамбулада Әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң және Тәртіп» қағидаты айқын көрініс тапты. Енді азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе жаңа міндеттер жүктейтін заңдар (5-баптың 5-тармағы) кері күшке ие болмайды. Сонымен қатар, Конституция алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі жеке өмірін – дербес деректер мен электронды хат алмасуды қорғауға алады (21-бап)», деп түсіндірді депутат.

ЕҰУ-да сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады

Депутаттың айтуынша, Конституциялық реформа және азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мемлекет пен қоғамның кемелденгенін көрсетеді.

«Мазмұндық тұрғыда ел тұрғындары жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды. Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуының айқын дәлелі. Бұл – күшті әрі әділетті мемлекет жолындағы саналы таңдау. «AMANAT» партиясы барша азаматты еліміздің болашағы үшін бірлесе еңбек етуге шақырады», деді Елнұр Бейсенбаев.

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Соңғы жаңалықтар

Азат Перуашев: Конституциялық реформа билік жүйесіндегі теңгерімді күшейтеді

Саясат • Бүгін, 17:59

Елнұр Бейсенбаев: Ел азаматтары жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды

Қоғам • Бүгін, 17:54

Динара Зәкиева: Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі

Ата заң • Бүгін, 17:40

Елімізде 406 жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен

Қоғам • Бүгін, 17:33

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Ата заң • Бүгін, 17:20

Қазақстан Халық партиясы Қызылордада жаңа Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:08

ЕҰУ-да сарапшылар жаңа Конституция жобасын талқылады

Қоғам • Бүгін, 16:51

Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус апатқа ұшырады

Оқиға • Бүгін, 16:45

UFC рейтингі жаңартылды: Шавкат Рахмонов тізімде бар ма?

Спорт • Бүгін, 16:23

Сапаға сай төлем: 14 ақылы учаскеде төлемақы қайта есептеледі

Оқиға • Бүгін, 16:04

Экономист әлеуметтік түйткілдер туралы: Атау ауыстыру мәселені шешпейді

Экономика • Бүгін, 15:57

Павлодарда құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға сотталды

Қоғам • Бүгін, 15:49

Қаңтардағы инфляция 12,2%: Жанармай бағасы өсіп жатыр

Экономика • Бүгін, 15:35

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтетін болды

Спорт • Бүгін, 15:13

Қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім беретіндер саны артты

Қоғам • Бүгін, 15:06

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью