Елорда көшелерінің бірінде көлік қозғалысы 28 қазаннан бастап қайта ашылады

27.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

– Қозғалыс Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта қалпына келтіріледі. Нысанның жерүсті бөлігінде негізгі құрылыс жұмысы аяқталды: жаңа жол жамылғысы төселді, таңбалар сызылды, қажетті жол белгілерінің барлығы орнатылды. Аталған учаске толықтай пайдалануға дайын, - делінген әкімдік хабарламасында. 

Қазіргі уақытта көпір өткелі құрылысының үстіңгі бөлігінде және іргелес аумақта әрлеу және абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Осы учаскеде қозғалыстың қайта ашылуы елорданың орталық аудандары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтуға және қала тұрғындары мен қонақтарының жолға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін елордада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылатынын хабарлаған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью