Елорда көшесінде қауіпті дрифт жасаған шетелдік жүргізуші жауапқа тартылды

05.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: Бейнежазбадан

Оқиға полиция департаментінің Жедел басқару орталығы операторлары тарапынан анықталған. Кейін патрульдік полиция жүргізушіні ұстап, көлік айып тұрағына қойылды.

Мәліметке сәйкес, ер адам BMW маркалы автокөлігімен адам көп жүретін орындарда маневрлер жасап, жолаушыларға қауіп төндірген.

«Аталған фактілер бойынша құқықбұзушы15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», делінген хабарламада.

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Полиция өкілдері жолдағы дрифт пен агрессивті жүргізу басқа азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертіп, мұндай құқықбұзушылықтарға қатаң шара қолданылатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 34 жастағы ер адам жолда қауіпті әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью