Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
22-23 наурыз күндері Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Наурыз-думан» деп аталатын балаларға арналған танымдық сазды ертегі жанрындағы мерекелік қойылым ұсынды. Екі күн қатарынан өткен қойылымының премьерасын көрген кішкентай көрермендер керемет әсерге бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қойылымды автор М.Ахмановтың бәріміз жақсы білетін «Жыл басы кім болады?» ертегісі негізінде жазған. Дегенмен сәл өзгешелік бар. Қойылым Қара түнектің жер әлемді қараңғылық құрсауында ұстап, өз билігін жүргізуінен басталады.
Жер бетін түнек басып, жан-жануарлар әбден азап шегеді. Осы кезде Күншуақ пен Айбатыр Қара түнектің жолына тосқауыл жасап, жер бетіне шуағын шашады. Олар жан-жануарларды жинап, жерде қайтадан тәртіп орнатпақ болады. Сөйтіп Күншуақ пен Айбатырдың шақыруы бойынша Түйе, Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жиналады. Алайда оларды «Жыл басы кім болады?» деген сұрақ мазалайды. Әрқайсысы жыл басы ретінде өзін көргісі келеді. Осы кезде Тышқан ұтымды шешім табады. Ол ортаға шығып: «Бәріміз шаршадық, ұйықтайық. Ертең таң атады, сол кезде кім бірінші болып күннің шапағын көрсе, сол жыл басы болсын!», дейді. Барлық жан-жануар осы байламға келіседі. Осы кезде Түйенің өркешіне мініп алған Тышқан күнді бірінші болып көреді. Осылайша ол жыл басы атанады. Қалған жануарлар мен аңдар да осы кезекпен он екі айдың иесі болады. Тек өз бойына сенген Түйеге ғана ай атауы бұйырмайды. Қойылым соңында Қызыр ата сахнаға шығып, жылдың басталуымен құттықтап, баршасына бақ-береке тілейді.
Осы бір әсерлі ертегіні Музыкалық жас көрермен театры ұжымы 50 минуттық спектаклге сыйғызған. Қойылымның қоюшы-режиссері Ералхан Мырзахмет ертегіні жымдастырып, баланың қабылдауына сай сахналап шыққан. Сондай-ақ Тышқанның (Айдана Жетешова) шиқылдап сөйлеп, дорбасындағы тәттісін балаларға үлестіруі, Сиырдың (Ақерке Амангелді) сабырлы қалпынан бір сәтке де таймай бастан-аяқ күйсеген болып сендіре сомдауы, Қоянның (Аружан Темірханова) біресе үркектеп, біресе батылданып кететін қылықтары, Ұлудың (Майра Марғұланқызы) өте баяу әрі күлкілі қимыл-әрекеті, Жыланның (Айдана Болат) ысылдап айбат шегуі, Қойдың (Аружан Бағзат) екі қошқармен бірге сахнаға көтеріліп, күлдіре сөйлеуі, басқа да жануарлар мен аңдарды сомдаған театр артистерінің ойыны кішкентай көрермендерді біресе күлдіріп, біресе ойлантып, шат-шадыман күйге бөледі.
Осылайша елордалық балдырғандар Наурыз мерекесінде уақыт пен табиғат туралы көне түсінікті қайтадан еске түсіріп, мерекенің мәнін, он екі жылдың пайда толу тарихын, сахна өнері мен ондағы ән-би арқылы терең таразылады.
Соңғы жаңалықтар
Елорда театрының Наурыздағы балаларға базарлығы
Театр • Бүгін, 23:15
Times Square-де Наурыз тойланды: Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі
Қоғам • Бүгін, 21:41
Тазару күні ел аумағынан 2,7 тонна қоқыс жиналды
Экология • Бүгін, 20:16
Спорт министрлігі мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік меморандумға қол қойды
Спорт • Бүгін, 20:05
Әскери қызметшілер Тазару күні ағаш көшеттерін отырғызды
Экология • Бүгін, 19:48
Астанада Тазару күніне орай ауқымды сенбілік өтті
Елорда • Бүгін, 17:55
Алтын мен күміс бағасы күрт төмендеді
Оқиға • Бүгін, 17:28
Шахтинскідегі жарылыс: Пәтерді қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:08
Еріктілер «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын қолдауға шақырды
Экология • Бүгін, 15:53
Атырауда мерекелік іс-шара кезінде 78 бала жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 15:31
Аттың астында қалып, аяғы сынған: Құтқарушылар 5 күн бойы далада түнеген ер адамды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 15:05
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы: Оңтүстік өңірлердегі 28 бұлақ тазартылды
Экология • Бүгін, 14:51
Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысты: Зардап шеккендер бар
Әлем • Бүгін, 14:11
Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді
Елорда • Бүгін, 13:50