Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Рәсімге Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды және Абай облыстарынан әскерге шақырылған сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, әскери бөлім ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ашық аспан астында сап түзеген сарбаздар Қазақстан халқына, оның заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал болуға, егеменді мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға серт берді. Олардың қатарында келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылданған арулар да бар.
Ресми рәсімнен кейін Құрмет қарауыл ротасы қарумен дефиле көрсетіп, қонақтарға әсерлі қойылым ұсынды. Ал жуырда ғана жауынгер атанған спортшы сарбаздар қысқа уақыт ішінде меңгерген әскери қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін паш етті.
Концерттік бағдарлама барысында сарбаздар аналарын биге шақырып, гүл сыйлады. Сапта тұрған ұлдарын көрген ата-аналар толқыныстарын жасыра алмады.
Осылайша жауынгерлік оқу пунктінде әскери даярлықтан өткен жас сарбаздар Отан қорғауға дайын екендіктерін көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.