Елорда тұрғыны әлеуметтік желідегі бейнежазбасы үшін жауапқа тартылды

04.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды. Instagram әлеуметтік желісінде ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

"Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке қолжетімді еткен. Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады", — делінген хабарламада.

 Ол 5 тәулікке қамауға алынды. Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью