Елордада 17 адамды қажылыққа жіберемін деп алдаған алаяқ жазаланды

18.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Астанада азаматтардың сеніміне кіріп, ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырған ол 17 адамды алдап, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Жи

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, алаяқ қажылыққа барғысы келген азаматтарға жалған әуе билеттері мен қонақүй брондарын ұсынған. Оның құрығына еліміздің әр өңірінен келген 17 тұрғын іліккен. Жәбірленушілердің арасында қарт ата-аналарын Умра сапарына жіберу үшін жылдар бойы ақша жинаған отбасылар да бар.

Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды

Сот талқылауы барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды толығымен өтеген. Сот шешімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Осы оқиғаға байланысты қалалық прокуратура азаматтарды барынша сақ болуға шақырады:

Қажылық немесе Умра сапарын ұйымдастырумен тек арнайы лицензиясы бар туристік агенттіктер ғана айналысуы тиіс. Ақшаны тексерілмеген жеке тұлғалардың шотына аудару – үлкен қауіп. Кез келген қызмет түрін алмас бұрын ресми келісімшарт жасасу қажет.

Соңғы жаңалықтар

Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді

Қоғам • Бүгін, 12:48

Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды

Әлем • Бүгін, 12:32

Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10

Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?

Қоғам • Бүгін, 11:58

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 11:38

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22

2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады

Энергетика • Бүгін, 11:00

АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты

Әлем • Бүгін, 10:41

Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 10:21

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Теннис • Бүгін, 10:09

Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 09:45

«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды

Футбол • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:07

Алматы қоғамдық көлігінің ескі паркі басқа аумаққа ауыстырылды

Алматы • Кеше

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды

Футбол • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью