Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
11-13 ақпан аралығында өтетін айтулы шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан келген 5000-нан астам мектеп оқушысы қатысып жатыр.
Фото: Виктор Федюнин/KazinformФестивальдің басты оқиғасы — «Central Asia FIRST Championship» ұлттық кезеңі және дрондар, Physical AI мен өзге де STEM-бағыттар бойынша тартысты жарыстар.
Фото: Виктор Федюнин/KazinformҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл бастаманы жастардың технологияға деген қызығушылығын арттыру және цифрлық дағдыларын дамытудың маңызды құралы ретінде қолдап отыр.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform«USTEM Robotics» робототехниканы дамыту қорының» директоры Асылбек Мырзахметовтың айтуынша, биылғы доданың бәсекелестігі өте жоғары.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform— Біз бұл чемпионатты алтыншы рет өткізіп отырмыз. 2020 жылы бар болғаны 20 командамен бастаған едік, бүгінде 500-ден астам команда жиналды. Олар осы кезеңге жету үшін қыркүйек айынан бастап 88 іріктеу додасынан өтті. Ең үздік 25 команда сәуір айында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алады. Биылғы тақырыбымыз археологиямен байланысты. Оқушылар тек робот жасап қана қоймай, археологиядағы өзекті мәселелерді зерттеп, ғалымдармен кеңесіп, шешімдерін ұсына алады, — деді А. Мырзахметов.
Биылғы фестивальге «Самұрық-Қазына» қоры бас серіктес ретінде қолдау көрсетеді. Бұл қадам Мемлекет басшысының 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялауымен тікелей байланысты.
Фото: Виктор Федюнин/KazinformФото: Виктор Федюнин/Kazinform— Бұл жарыс жастардың болашаққа жасаған батыл қадамы. «Самұрық-Қазына» ең ірі жұмыс беруші ретінде жаңа технологияларды өндіріске енгізуге мүдделі. Газ химиясы, автокөлік құрастыру салаларында осы жастардың идеялары ертең іске асуы мүмкін. Біз олардың өнерпаздығы мен инженерлік ойларын қолдауды парыз санаймыз, — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Жарыс алаңында бақ сынап жатқандардың бірі — Астана қаласындағы № 38 мектептің «Venom» командасының мүшесі Ерсан Айбол. Ол өз жобасының ерекшелігімен бөлісті.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform— Біздің жобамыз — артефакт жинайтын робот. Ол 2,5 минут ішінде алаңдағы шарларды жинап, тиісті орынға лақтыруы керек. Орта Азия кезеңінен өткендіктен, ендігі мақсатымыз — Хьюстонға жолдама алу. Ең мықты 16 команданың қатарына ену үшін барымызды саламыз, — дейді жас өнертапқыш.
Фестиваль аясындағы төрешілер құрамында 200-ден астам маман бар. Әр команданың жұмысын археолог, стартапер және IT маманынан құралған үштік бағалайды.
Фото: Виктор Федюнин/KazinformАйта кетейік, Қазақстан робототехникадан төрт дүркен әлем чемпионы атанып үлгерді. Женева, Сингапур, Афины және Панамада өткен жарыстарда отандық өрендер көш бастап келеді.
Бұған дейін Қытайлық робот өндірушілер аппараттық құралдарды жетілдіруден озық интеллектуалды жүйелерді жасауға назар аудара бастағанын жазған едік.