Елордада Astana Media Week апталығы басталады

05.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін елордада Astana Media Week апталығы басталады. Үш күнге жалғасатын жиында медиа саланың мамандары халықаралық әріптестікке, бірлескен продакшн-жобаларға және платформалық шешімдерге назар аударады. Жаңа дәуірдің медиа миссиясы: сенім, болмыс және интеллект тақырыбы аясында пленарлық және панельдік сессиялар ұйымдастырылады. 

Бұқаралық құралдар өкілдеріне Euronews, Anadolu Agency, Qazcontent, Yandex, Президент телерадиокешені және басқа да жетекші медиаплатформалардан арнайы дәрістер өтеді. Тоғыз жыл ішінде Astana Media Week Қазақстан мен өңірдің медиа саласының өсіп-өркендеуінің басты алаңына айналды. Кәсіби қауымдастықты, реттеуші органдар мен халықаралық серіктестерді біріктіріп келеді. Медиа апталық – журналистиканың болашағы, этика, цифрлық тәуелсіздік және қоғамдағы келісімді нығайтудағы медиа рөлі туралы пікір алмасу алаңы. Тілшілеріміз апталықтан тікелей қосылып хабар тарататын болады. Арна қосылу болсын. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью