Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Қазақ Елі» алаңында Астананың аспаны алып экранға айналады. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ұлттық символдармен жарық шоу көрсетіледі.
Аспанда қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін анимациялық композициялар пайда болады.
Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында Астанада 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр: концерттер мен ұлттық ойындардан бастап, жәрмеңкелер мен шеберлік сабақтарына дейін.
Бұған дейін елордада өзге этнос өкілдері Наурыз мерекесін тойлағанын жазған едік.