Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, өнімдер арзан бағамен сатылды

03.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елордадағы Keryen Joly сауда орталығы аумағында осы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар және басқа да облыстардан келген 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды.

Сатып алушылар көкөніс пен жеміс-жидектерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, шырындар мен тосаптарды және өзге де тауарларды тиімді бағамен сатып алды.

Мұндай жәрмеңкелер бағаның өсуін тежеуге және отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік береді. Орта есеппен, бір күнде жәрмеңкеге 7–10 мыңға жуық адам келеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью