Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстандықтарға кең танымал «Рух», «Жігер», «Елім деп соққан жүрегім» әндері мен «Абырой» тобының патриоттық туындылары елордадағы ЭКСПО алаңында шырқалды.
Онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі мен құрмет қарауылы сондай-ақ арнайы жасақ әскери қызметшілері өнер көрсетті. Шара Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналды. Даңқты қолбасшы ерлік пен батырлықтың, Отанға адал қызмет етудің мәңгі үлгісі болып қала береді. Аспан астындағы салтанатты қойылымды қала тұрғындары мен қонақтары зор қызығушылықпен тамашалады.
Дархан Рахымғалиев, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі президенттік оркестрінің бастығы, подполковник:
- Президент оркестрінің жұмыс барысы протоколдық іс-шараларды өткізу сонымен қатар халыққа арнайы концерттер береміз. Жақын арада Президенттік «Айбын» полкінің 30 жылдық мерейтойы болды, соған арнап концерт қойдық. Одан кейін осы плац-концертті дайындадық. Бұған да үлкен уақыт керек. Әскери адам болғаннан кейін тәріп керек. Бауыржан Момышұлы айтқандай, «тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек».