Елордада Болашақ ойындарының жанкүйерлеріне Тәртіпбек брошюра таратты

31.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Елордада "Болашақ ойындарының" туристері мен жанкүйерлеріне арналған маңызды акция өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Astana Tourism туризмді дамыту орталығының мамандары елордада "Болашақ ойындары 2026" турнирінің туристері мен жанкүйерлеріне ақпараттық жадынамалар мен брошюралар тарату акциясын өткізді.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіЕлордада "Болашақ ойындарының" туристері мен жанкүйерлеріне арналған маңызды акция өтті

Елордада "Болашақ ойындарының" туристері мен жанкүйерлеріне арналған маңызды акция өтті

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

Ақпараттық материалдар жарыстарды тамашалауға келген қонақтарға таратылды. Жадынамаларда қалада жүруге қатысты пайдалы ұсынымдар, негізгі қауіпсіздік ережелері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жедел және қалалық қызметтердің байланыс нөмірлері қамтылған. Акцияға Тәртіпбек маскот-кейіпкері де қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – елорда қонақтарына қалада тез бағдарлануға көмектесу, олардың ақпараттану деңгейін арттыру және халықаралық жарыстар кезінде жайлы жағдай жасау.

© Photo : Астана қаласының әкімдігіЕлордада "Болашақ ойындарының" туристері мен жанкүйерлеріне арналған маңызды акция өтті

Елордада "Болашақ ойындарының" туристері мен жанкүйерлеріне арналған маңызды акция өтті

© Photo : Астана қаласының әкімдігі

Astana Tourism мамандары туристер мен жанкүйерлерге көрікті жерлерді аралау, қоғамдық көліктің жұмысы, туристік бағыттар және қалалық сервистер бойынша да кеңес берді.

Мұндай ақпараттық акциялар қауіпсіз әрі қонақжай қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етіп, шетелдік және қазақстандық қонақтардың елордада өздерін сенімді сезінуіне көмектеседі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью