Елордада электрлі велосипедтер саны артады

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Астана қаласында велоинфрақұрылымды ауқымды жаңарту жоспарланып отыр. Жоба қоғамдық веложалдау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

— Жаңғырту аясында 1300 электрлі велосипед, сондай-ақ желіні 195 велостансаға дейін кеңейту көзделген. Велошеринг жүйесі елордада 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қалалық көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналды. Қазір веложолдау жүйесінде 155 станса және шамамен 750 велосипед бар, — делінген хабарламада.

Жаңарту жабдықтардың тозуымен және жүйе жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты.
Жобаны іске асыру сервис сенімділігін арттыруға, қамтуды кеңейтуге және елорда тұрғындары мен қонақтарына заманауи әрі экологиялық таза көлік түрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Астанадағы 17 паркинг жеке меншікке сатылатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью