Елордада электросамокаттарды бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі

05.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астана қаласында интеллектуалды бейнебақылау жүйесі электросамокат жүргізушілері жіберген жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркей бастайды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Жаңа жүйені құқық қорғау органдары «Сергек» компаниясымен бірлесіп әзірлеп жатыр. Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік нөмірлерді автоматты түрде тану жүйесі жасалып жатыр. Жүйе айыппұл салу үшін қажеі материалдарды қалыптастыратын болады.

Полиция мәліметінше, цифрлық технологиялар мен сәйкестендіру жүйесін қолдану құқық бұзушыларды тиімді анықтауға, жол-көлік оқиғаларын азайтуға және пайдаланушылардың тәртібін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда елордада 10 мыңнан астам электросамокат бар, оның шамамен 8 мыңы тұрақты қолданыста. Сонымен қатар осы көлік түріне қатысты құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Жыл басынан бері 45 жол апаты тіркеліп, 50 адам жарақат алған», делінген хабарламада.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, электросамокаттар жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде танылады.

Жаңа талаптарға сай:

жүргізушілер түнгі уақытта шлем және жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануға міндетті; жолаушы тасымалдау, пайдалану қағидаларын бұзу және кәмелетке толмағандардың басқаруы үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі; қозғалыс веложолақтарда, веложолдарда және жолдың оң жақ шетінде рұқсат етіледі; 18 жасқа толмаған тұлғалар жүргізуші куәлігінсіз жолдың жүру бөлігінде қозғала алмайды.

«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады

Соңғы жаңалықтар

Израиль Иранның энергетикалық нысанына соққы жасады

Әлем • Бүгін, 12:55

Бүгін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері жұмыс істемейді

Қоғам • Бүгін, 12:27

Иран атып түсірген АҚШ ұшағының ұшқыштары құтқарылды

Әлем • Бүгін, 11:55

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен найзағай күтіледі

Ауа райы • Бүгін, 11:32

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 10:43

Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасаған топ ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:22

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:45

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Теннис • Бүгін, 09:20

Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды

Оқиға • Кеше

Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

Қоғам • Кеше

«Қыз өссе, елдің көркі»: Елордадағы ғимараттардың біріне жаңа мурал салынды

Елорда • Кеше

«Digital Qazaqstan»: Шымкентте Қазақстан математиктерінің конгресі өтті

Технология • Кеше

«Louis Vuitton» және «Nesquik»: Алматыда танымал брендтер заңсыз пайдаланылған

Оқиға • Кеше

Түркістан облысында зорлау ісі бойынша жалған айғақ берген жәбірленуші мен адвокат сотталды

Оқиға • Кеше

Астанада 2026 жылғы жол-құрылыс жұмыстары маусымы басталды

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью