Елордада инклюзивті спорт фестивалі басталды

06.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

500-ге жуық бала қатысатын инклюзивті спорт фестивалі басталды. Қазақстанның барлық өңірінен келген жеткіншектер бочча, жеңіл атлетика және эстафетадан бақ сынайды. Іріктеу кезеңінде екі мыңнан аса қатысушы өтінім беріп, топ жарғандар Астанаға жолдама алды. Бұл шара екі күнге жоспарланған.

«Фестивальдің мақсаты - ерекше балаларды қоғамдық ортаға бейімдеп, спорт арқылы олардың әлеуетін арттыру», - дейді ұйымдастырушылар. Шара соңында жеңімпаздарға кубоктар мен арнайы сыйлықтар табысталады. Айта кету керек,  биыл бұл іс-шара елімізде екінші мәрте өтіп жатыр.

Ерлан Әбдиев, ҚР Мәжіліс депутаты:

- Бүгін Amanat партиясының қолдауымен тең мүмкіндіктер республикалық инклюзивті фистивальі өтіп жатыр. Бұл фестивальдің бір ерекшелігі, қазір 465 бала қатысып отыр. Бұл мүмкіндіктердің шексіз екенін көрсетеді. Яғни әрбір баланың жүрегінің биіктігінің деңгейін, жеңіске жеткенін көрсетеді. Мұндай орта мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ балалардың арасында ерекше балаларымызды қоғамға кіріктіруге үлкен себебін тигізеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью