Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде 7-қабаттағы пәтерден өрт анықталған. Сондай-ақ кіреберісті түтін басқан.
– Өрт сөндіру қондырғылары дереу іске қосылды, өртті толық сөндіру үшін барлық шара қабылданып, су үздіксіз жеткізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру бірнеше учаскеге бөлініп ұйымдастырылған. Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, Астана қаласының Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан еді.
Сонымен қатар Астанада түнгі уақытта болған өрт салдарынан тұрғын үйде кәмелетке толмаған үш бала қаза тауып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.