Елордада күрестен әлем чемпионаты басталды

24.10.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан құрамасынан алғаш болып грек-рим шебері Мерей Мәулитқанов бозкілемге шықты. Ол 77 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде Кан Хенджинмен (Оңтүстік Корея) кездесті.

Отандасымыз айқын басымдық танытып, 9:0 есебімен белдесуді өз пайдасына шешті.

Сондай-ақ бүгін, 24 қазанда Исхар Курбаев (55 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) және Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) ел намысын қорғайды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью