Елордада Наурыз мейрамына арналған ұлттық ойындар мен спорттық шаралар басталды

21.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Таңғы сағат 10:00-ден бастап алаңдарға жиналған елордалық тұрғындар мен қала қонақтары түрлі спорттық іс-шараларға белсенді қатысып жатыр. 

Ұлттық спорттық шараларды көруге және қолдауға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит арнайы келіп, жасанды интеллект мүмкіндіктерімен танысып, технология мен ұлттық ойындардың үйлесімін қала тұрғындарымен бірге тамашалады.

Мысалы, Есіл ауданындағы EXPO аумағында жасанды интеллект көмегімен дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және қошқар көтеру сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылған. 

– Бүгін Наурыз мейрамын тойлауды кең көлемде бастап кеттік. Соның ішінде екі күн бойы ұлттық ойындарымыз қаланың 6 ауданында 30-ға жуық жерде өтуде. Нақтырақ айтқанда, бүгін қаламыздың 13 жерінде өтсе, ертең 12 жерде ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылады. Әсіресе қаланың шет аймақтарында да ұлттық ойындар өтіп жатыр. Баршаңызды шақырамыз, келіңіздер, - деді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит.

Айта кетейік, ертең, яғни 22 наурыз күні де ұлттық ойындардан жарыстар өтеді. Қатысу тегін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада жүздеген адам ерекше инсталляция құрастырып шықты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью