Елордада от шашудың сатылымы артты

30.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жаңа жыл алдында әдеттегідей қарбалас қыза түседі. Жұртшылық мерекелік сыйлықтар алуға асығып, дүкендерде ұзын-сонар кезек пайда болады.

От шашу дүңгіршектерінің маңында да ине шаншар орын жоқ. Фейерверктің сан алуан түрі саудалануда. Бағасы да әрқилы. Әлбетте, жаңа жылды әркім естен кетпестей қарсы алғысы келеді. Қазір Астанадағы ірі сауда орталықтарының маңында пиротехникалық бұйымдар сататын 66 ресми сауда нүктесі ашылған. Бір айта кетерлігі, от шашуды сатып алғанда онымен бірге қауіпсіз қолдану нұсқаулығы да қоса беріледі.

Елдос Зияда, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:

- Полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргіземіз. Құқықбұзушылық анықталған жағдайда полиция әкімшілік хаттама толтырады. Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау және заңсыз сату бойынша 180-нен астам хаттама толтырылды. Рейдтер күн сайын өткізіледі, әсіресе жаңа жыл қарсаңында бақылау күшейтіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью