Елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Астана декларациясы қабылданады

25.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

— Жақын арада өңіріміз үшін маңызды бірқатар іс-шара өтеді. 30 наурызда Астана қаласында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысы болады. Бұл — қордың қызметі мен бірлескен бағдарламаларды іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылданатын орган саналады. Онда өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі бірқатар шешім қабылданады, — деді министр.

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Сонымен қатар, 22 сәуірде елордада ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммит аясында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

— Кеңес қордың жоғарғы органы саналады және онда келешек өңірлік ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалады. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының төрт шешімі, сондай-ақ Астана декларациясы қабылданбақ, — деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, бұған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Қазақстан су шаруашылығы саласындағы ұлттық саясатты үнемі жетілдіріп жатқанын айтып еді.

Қоса кетсек, таяуда Kazinform агенттігіне сұхбат берген өзбекстандық сарапшы Вадим Соколов аймақтағы су тапшылығы биыл да күрделі екенін айтқан еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью