Елордада өзге этнос өкілдері Наурыз мерекесін тойлады

20.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мерекелік думанға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мемлекеттік органдар мен Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Ресей, Корея, Украина, Болгария секілді 12 мемлекеттің елшілік өкілдері қатысты.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты – еліміздегі этностар арасындағы бірлікті нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Сабина Аманбекованың айтуынша, биылғы мерекелік бағдарламаның ауқымы кең.

Фото: Камила Мүлік

– Наурызнама басталғалы бері бірнеше ауқымды шара өткіздік. Амал мерекесінен бастап, ұлттық киім күніне арналған дефиле ұйымдастырылды. Бүгінгі шараға 12 елден елшілік өкілдері келіп отыр. Достық үйінің алаңында төрт киіз үй тігілді. Бірінде салт-дәстүрлер көрсетілсе, екіншісінде ұлттық аспаптар, үшіншісінде этностардың ас мәзірі, ал соңғысында қолөнер шеберлік сағаттары өтіп жатыр, – деді Сабина Аманбекова.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Мерекенің рухани маңызына тоқталған тарих ғылымдарының докторы, профессор Садық Тілеген Наурыздың жалпыұлттық сипат алғанын атап өтті.

– Наурыз – дініне, діліне қарамастан, барлық ұлттар үшін ортақ мереке. Қазақстанды мекендеген халықтар бұл күнді елдің дәстүріне құрмет ретінде қабылдайды. Ынтымағы жарасқан ел ғана болашаққа нық қадам баса алады, – деді профессор.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Мереке аясында қазақша күрес, арқан тарту, гір көтеру, асық ату және қол күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық бәсекелердің жүлде қоры да қомақты: бірінші орын иегерлеріне арнайы дүкенге 200 мың теңгенің, екінші орынға 150 мың, ал үшінші орынға 100 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Асық ату сайысына қатысқан 8 жасар Саламат Ақиқат бұл ойынның ерекшелігін түсіндіріп берді.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

– Асық ату қиын емес, оны кез келген адам тез үйреніп кетеді. Мен бұл өнерді курстарда жетілдіріп жүрмін, – дейді жас спортшы.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Осыған дейін Астанада Наурыз мерекесіне орай тақия кестелеуден шеберлік сағаты ұйымдастырылғаны туралы жаздық.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью