Елордада озық ойлы жастар бас қосты

15.11.2025

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Еліміздің озық ойлы жастары бас қосты. Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» мен «Qazaq Debate» қозғалысы бірлесіп ұйымдастырған «AMANAT CUP» XXIII республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Оған 150-ге жуық өтінім келіп түсіп, нәтижесінде 60 үздік команда ақтық кезеңге жолдама алды. Осылайша, турнирге барлық өңірден 120-дан астам үздік спикер жиналды. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы  Дәулет Кәрібек  ел Президенті қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқанын ерекше атап өтті. Айта кетейік, ойы жүйрік, сөзі өтімді жастарды бір алаңда топтастырған интеллектуалды республикалық пікірсайыс турнирі екі күнге жалғасады. Ал жүлде қоры – 3 000 000 теңге.

Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы: 

- Біріншіден, бұл дебат сіздерге ойлауды үйретеді. Сөйлеуді үйретеді. Яғни әріптердің құрылысын ғана емес, анық, дәл ойларыңызды ықшамды жеткізуге үйретеді. Үшіншіден, тыңдауды үйретеді. Ойлау мен сөйлеуді, тыңдауды осы дебаттан үйренесіздер. Сондықтан біз жастарға алған «AMANAT CUP» турниріне студенттік лиганы кіргізе отырып, барынша тең мүмкіндіктер жасауға қадамдар жасап отырмыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью