Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Көлікке жүргізілген тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған капсула табылып, оның мефедрон екені анықталды. Кейіннен күдікті тағы екі жасырын орынның мекенжайын көрсетіп, ол жерлерден қосымша есірткі партиялары табылып, тәркіленді. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы шамамен жарты келіні құрады.
Есірткі заттарын сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында күдіктінің елорда тұрғыны екені және есірткіні ірі партиялармен жеткізіп, кейін оны қала аумағында және еліміздің бірқатар өңірінде таратумен айналысқаны анықталды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде синтетикалық есірткіні жеткізу және тарату арнасының жолы кесілді.
Батыс Қазақстан өңірі полицейлері есірткі тиелген сәлемдемені қолға түсірді
Полиция есірткінің заңсыз айналымы ауыр қылмыстар санатына жатады және қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Есірткі заттарын жеткізу, сақтау және тарату арналарын анықтау мен олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Есірткі таратудан заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекет міндетті түрде қылмыстық қудалауға және бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі.