Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
«Астана арена» стадионында Грекияның «Олимпиакос» U-19 командасына қарсы өткен матчта алматылық ұжым 2:0 есебімен басым түсті. Ойынның 4-минутында Рамазан Бағдат гол салса, 57-минутта Мұхамедали Әбіш есепті еселеді.
Матч жабық режимде өтті. Бұл — «Қайрат» академиясының жас ойыншыларының еуропалық турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін «Копенгаген» клубының U-19 командасымен тең ойнап, бір ұпай еншілеген еді. Ал «Реал Мадрид», «Интер», «Спортинг», «Пафос» командаларына қарсы ойындарда есе жіберді.
Енді УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» пен «Олимпиакос» клубтарының негізгі командалары «Астана арена» стадионында бүгін сағат 20:30–да кездесу өткізеді.
Еске салайық, елордада ойынға байланысты стадионға арнайы шаттл автобустар қатынайды.