Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Өткен түнде қаладан арнайы полигондарға 935 рейспен 13 мыңнан астам текше метр қар шығарылды.
27 қаңтар күні таңертеңгі сағаттан бастап қар тазалау жұмысына 3 113 жол жұмысшысы мен 1 083 бірлік арнайы техника қатысты.
Қыс маусымы басталғаннан бері қаладан қар полигонына 232 567 рейспен 3 231 171 текше метр қар шығарылды.
Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазартылып жатыр. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.
Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылады.
Сонымен қатар аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелері бірлестіктеріне (МИБ) жүктелген. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақтылы тазалауы тиіс.
Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оралдағы қар сынамаларына жүргізілген химиялық талдау нәтижелері жарияланды.