24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Елордада робототехникадан Astana First Regional Championship біріншілігі басталды.
Жарысқа 6 мен 16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып жатыр. Балалар инженерия және бағдарламалау салаларында бақ сынайды. Олар өз жобаларын таныстыру үшін археологиялық зерттеу бағытын таңдаған. Жалпы бұл чемпионат жас дарындардың өзара тәжірибе алмасуы үшін ұйымдастырылған. Үздіктер келесі айда өтетін республикалық додаға жолдама алады.
Інжу Мұхамедкәрім, жарысқа қатысушы:
- Біздің тобымыз FLL чемпионатына қатысатын 2-топ. Сол топтарға 6 және 10 жас аралығындағы балалар қатысады. Олардың ең басты мақсаты - археология аясындағы өзекті мәселелерді анықтау және осы мәселелерді өзінің проектілері арқылы шешу болып табылады. Біздің тобымыз «ТехНомадс». Біз Екібастұз қаласындағы «Үміт» атты балаларды қолдау орталығына барып, сол жерге аттанып, балалардан 2 топ құрастырдық. Біз өзіміздің атымыздан балаларға FLL explore-ға арнайы жасалған Lego жинақтарын сыйладық.