Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Tarlan Astana жобасы екінші кезегінің құрылысына байланысты 7 қазаннан бастап елордадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, қозғалыс шектеуі мына көшелерде енгізіледі:
Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігінде; Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде.Әкімдік жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілері талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, жүретін бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.
Аталған учаскелер қанша уақытқа жабылатыны нақтыланбаған.
Астанада бірнеше көше жабылады/ Әкімдік мәліметтері
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Tarlan Astana жолаушылары пойыздар ресми түрде 23:00-ге дейін жүретініне қарамастан, кешкі уақытта кейбір бекеттерге кіргізбейтініне шағымданған болатын. Tengrinews.kz пікір алу үшін City Transportation Systems (CTS) компаниясына жүгінді. Онда жеңіл рельсті көлік қандай кестемен жұмыс істейтінін түсіндірді.
Тағы оқыңыз: Қосшы бағытындағы LRT құрылысы жаңа кезеңге өтті
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу