Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қолға алды. Тұрғын үйдің алдына биіктіктегі құтқару жұмыстарына арналған арнайы «өмір кубы» орнатылды.
Құтқарушылар пәтердің есігін ашып, жасөспірімді қауіпті жерден қауіпсіз аймаққа шығарды. Жедел әрі кәсіби әрекеттердің арқасында қыздың өмірі сақталып қалды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды.
Өскеменде құтқарушылар көпірден секірмек болған қызды аман алып қалды.