Елордада жеке үйде антисанитариялық жағдайда ет өндіріп, сатқандар ұсталды

17.07.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тексеру кезінде шығу тегі мен сапасы белгісіз үш тоннадан астам ет өнімі анықталды. Сондай-ақ өнімдердің санитариялық талаптары өрескел бұзыла отырып өндірілгені және сақталғаны белгілі болды.

Атап айтқанда, температуралық режимдер сақталмаған, ет антисанитариялық жағдайда өндірілген. Сонымен қатар, еттің бір бөлігінде бүлінудің айқын белгілері байқалған – өткір жағымсыз иіс шыққан, шыбындар қаптаған және тағам ретінде пайдалануға жарамсыз екенін көрсететін өзге де белгілер анықталған.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде анықталған барлық өнім жойылды. Полиция қызметкерлерінің дер кезінде араласуының нәтижесінде адам денсаулығына қауіп төндіретін ет өнімдері саудаға жіберілмей, елорда тұрғындарына жеткен жоқ.

Заңсыз цех иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа тартылды. Полиция санитариялық талаптарды бұза отырып азық-түлік өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін еске салады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana)

Бұған дейін Қостанай облысында жиырма шақты ірі қарадан қауіпті дерт анықталғанын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью