Елордадағы емханада ми қызметін зерттейтін аппарат іске қосылды

10.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Аталған зерттеу үнемі бас ауруына шағымданатын, есінен тану, құрысу белгілері бар, жарақаттан кейінгі асқынуларды бастан өткерген азаматтарға, сондай-ақ балалардың сөйлеу дамуының кешеуілдеу жағдайларында жүргізіледі.

– Электроэнцефалография – инвазивті емес, ауыртпалықсыз диагностикалық әдіс. Зерттеу кезінде бастың тері қабатына арнайы электродтар қойылып, ми нейрондарының белсенділігі тіркеледі. Бұл аппараттың басты артықшылығы – ұйқы бұзылыстары, эпилепсия, операциядан кейінгі және жарақат салдарлары, ми ісіктері мен қабыну процестері сияқты түрлі патологияларды анықтауға мүмкіндік беруі, - деді емхананың дәрігер-невропатологы Гүлбаршын Садуова.

Фото: Астана әкімдігі

Диагностикалық тексеруден күндізгі уақытта – таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін өтуге болады. Сонымен қатар 10 сағатқа созылатын түнгі зерттеу де қарастырылған, ол 22:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі. Бұл қауіпсіз тексеру ересектерге де, балаларға да қолжетімді.

Дәрігердің айтуынша, түнгі ЭЭГ тексеруі тек медициналық көрсеткіштер бойынша және терапевт, педиатр, сондай-ақ невролог немесе невропатолог жолдамасымен ғана жүргізіледі.

Аталған процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысатын азаматтар үшін тегін. Ал сақтандырылмаған тұрғындар оны ақылы негізде өте алады. Кабинетте жоғары дәлдік пен ақпараттылықты қамтамасыз ететін екі аппарат орнатылған. Сондай-ақ бөлме пациент пен оны ертіп келген адамға қолайлы жағдай жасай отырып жабдықталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада жаңа емханалар ашылып, медициналық қызмет цифрландырылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью