Елордадағы мектеп лицей ЖИ ді оқу барысында қолданады

06.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Елордадағы №70 мектеп-лицейі еліміздегі жетекші ай-ти компаниялардың бірімен келісім-шарт жасасты.

Осының нәтижесінде оқушылар жасанды интеллектіні оқу үдерісінде кеңінен пайдалануға мүмкіндік алды. Жасанды зердені білім саласында қолданудың тиімді тұстары Астанада өткен мұғалімдер конференциясында кеңінен талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллектті білім беру процесіне тиімді енгізу жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе алмасты.

Гүлжамал Байменова, Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің директоры:

- Жасанды интеллект бойынша балаларымыз әртүрлі жоба жасады. Бізде CodiPlay компаниясымен келісім-шарт бар. ЖИ пайдаланып, программа жасауда, оларда өздерінің программаларын көрсетіп жатыр. Сол ЖИ бағдарламасы бар мектептер, сонымен қоса қаладағы робот техникасы, техниканы пайдаланатын ЖИ пайдаланып жатқан мектептердің көрмесі. Шамамен 60 мектеп осы жерге келіп тұр. 

Ерлан Сағынғалиұлы, қала әкімдігінің "Әдістемелік орталығы" әдіскері:

- Конференциядағы басты мақсат мектептердегі ЖИ қолданатын іс-әрекеттер, оқушылардың ұйымдастырған проекттерін көрсету, оны пікірталас ретінде жұмыстану. ЖИ бойынша ақылды қала, ақылды үй, ақылды мектеп осыларды құруды оқушылар өздері ЖИ енгізіп, соны жетілдіріп қолданады.

Конференция аясында оқушылардың 20-дан астам  инновациялық жобасы  таныстырылды. Олардың қатарында халықаралық байқауларда жүлде алған жұмыстар, дрон-футбол технологиясы, сондай-ақ тұрмыстық және білім саласына арналған жаңа өнертабыстар бар.

Ләззат Исақ, Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі, жоба жетекшісі:

- Халықаралық олимпиададан жарыс болды. 5 ел қатысты. Үздік техникалық жоба номинациясын алдық, 3 орынды. Ақылды көше жүйесін жасадық, светофор мен ақылды қоқыс жәшігі, ақылды көше фонарін құрастырдық. Осыны әрі қарай дамытып, басқа да жарыстарға қатысу жоспарланып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью