Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, 29 шілде күні таңертең белгісіз ер адам оған саябақта артынан келіп шабуыл жасаған және күш қолданбақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші оның видеосын түсіріп үлгерген. Оқиғадан кейін полицияға арыз берілген.
Желіде көп әйел алуды насихаттаған блогерге айыппұл салынуы мүмкін
Астана қалалық Полиция департаменті оқиға туралы хабарлама түскен бойда жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, оның 27 жастағы ер адам екені белгілі болды. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Дрифт жасап, отшашу атқан: Түркістанда той кортежін ұйымдастырғандар айыппұл арқалады
Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Полицияның мәліметінше, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Іс материалдары соттың қарауына жолданды.