Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Астанада жер үйлердің бірінен өрт шығып, елордалық құтқарушылар отты сөндіріре алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт жайлы хабар "112" пультіне түскен. Өрт Алматы ауданындағы Таскескен көшесінде орналасқан жер үйдің бірінен шыққан.
Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысының жанып жатқанын анықтады.
"ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 20 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.