Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
LRT атаулы көлік картасын елорданың білім беру ұйымдарының 7 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдік санаттарына жататын, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтары ала алады.
Картаның дайын болғаны туралы пайдаланушы өтінім беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне SMS-хабарлама келеді.
Картаны дайындау құны — 1200 теңге.
— Өтінім беру тек онлайн форматта https://transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Рәсімдеу үшін мәліметтерді толтырып, қажетті құжаттарды цифрлық форматта тіркеу және картаны алу үшін ыңғайлы пунктті (жақын аудандық әкімдік) таңдау қажет.
Қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында қаланың 6 аудандық әкімдігінде дайын карталарды беру орындары ұйымдастырылды. Дайын болған карталар сонда жіберіледі. Картаны пайдаланушы өтінім беру кезінде таңдалған тиісті аудандық әкімдіктен алады, — делінген CTS хабарламасында.
LRT атаулы көлік картасы тек LRT-мен жүруге арналған және қалалық бағдарларға жарамсыз.
Басқа жолаушылар үшін жол жүруге арналған көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін стансаларда қолжетімді болады. Сондай-ақ, кассаға жүгінбей турникеттерден өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері қарастырылған. Төлем тәсілдері туралы қосымша хабарланады.
Айта кетелік LRT бір күнде қанша жолаушы тасымалдай алатыны туралы жазған едік.