Елордалық полицей 8 қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды

19.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: Бейнежазбадан

Учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов оқиға орнына жедел жетіп, әрекетке кіріскен. Ол ең алдымен әйелді сабырға шақырып, жоғарыға көтерілгенше уақыт ұтуға тырысқан.

Кейін полицей қолайлы сәтті пайдаланып, әйелді қауіпсіз аймаққа тартып шығарған. Қазіргі уақытта әйелдің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Учаскелік полиция инспекторының жедел әрі батыл әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Мұндай сәттерде әр минут маңызды, ал қызметкердің кәсібилігі орны толмас жағдайға жол бермеді», делінген Астана қаласы Полиция департаментінің мәлімдемесінде.

ШҚО-да полицейлер зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалды

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадалық тұрғын көпқабатты үйдің 12-қабатындағы балконда тұрған кішкентай баланы құтқарып қалған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, бала пәтерден өздігінен шығып кеткен. Сол сәтте үйде болған әкесі қатты ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью