Елордалық жас оқырмандар экология әлеміне саяхат жасады

08.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шараға жеке балабақша тәрбиеленушілері қатысып, кітапхана қызметкерлерімен бірге экология тақырыбында танымдық жұмыстарға қатысты. Балалар тақырыптық кітаптармен танысып, сурет салып, түрлі ойындар ойнады.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, ақпараттық сағат барысында бүлдіршіндер табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану туралы мәлімет алды.

«Біздің мақсатымыз – балалардың бойында ерте жастан бастап табиғатқа жанашырлық пен экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру», деді кітапхана қызметкері Кенжегүл Әбдікәрімова.

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігіне 1,3 трлн теңге жұмсалады

Оның сөзінше, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген құрметін арттырып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізбек.

Еске сала кетейік, елімізде жазғы демалыста балаларға арналған 11 мыңнан аса орталық жұмыс істейді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью