Елорданың жаһандық абыройы

08.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Астанамызға ағылған турист көп. Соның бірі – Атлант мұхитының солтүстік-шығыс бөлігінде, Нор­вег теңізіндегі арал­дар тобы – Фарер аралдарын­да экскурсия гиді болып жұ­мыс істейтін Мэл есімді дания­лық/ағылшын археологі. Әлем­нің көптеген елін аралаған Мэл Астанаға қыс мезгілінде келген. Оның Northtrotter деген атаумен танымал жеке сайтында елорда туралы жазған ауқымды жолсапар очеркі: «Мен бұрынғы көшпелі елдердің даласымен 39 сағат по­йызбен саяхаттап, Қазақстанның ерекше қаласы Астанаға келдім. Орталық Азияның өзге қала­ла­ры­нан айырмашылығы, Аста­на өзінің заманауи болмысы, футурис­тік сәулеті мен алып ғима­раттар бір-бірімен астасып орна­ласуымен ерекшеленеді. Ол дәстүрлі Орталық Азия қала­ла­рына ұқсамайды, Шығыс Еуропа­дағы ірі орталыққа ұқсайды. Кеңес дәуіріндегі сәулет өнері мен жер­гі­лікті мәдениет қалып­тас­тырған Душанбе, Бішкек және Ташкент сияқты қалалардан өзгешелігі, Астананың аспаны ерекше ашық, жарқырап тұрғандай әсер қал­ды­рады», деп басталады.

Очерк авторы небәрі 28 жылда әлемнің бас қалалары қата­ры­нан көрініп, еліміздің көрік­ті әкім­шілік орталығына айнал­ған Аста­на­мызды жан-жақты суреттейді.

«1998 жылдан бері қала халқы 1,5 млн-нан асты. Астананың көп ғимараты айтарлықтай үлкен. Бір қарағанда қазіргі халқының санынан бірнеше есе көп қала үшін салынған сияқты. Мәселен, Астана Аренасына 30 мың көрер­мен сыяды, ал үлкен мешіт 235 мың адамға арналған, қала халқы­ның шамамен 16 пайызын сыйдыра алады. Саябақтары да кең...».

Елордамыздың күн өткен са­йын көріктене түскеніне өткен жылы елімізге мемлекеттік са­пар­­мен келген Қытай төрағасы да там­­санған еді.

2025 жылдың 24 желтоқсанын­да Астананы дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үйлесімді қала­лық кеңістік құруға ерекше назар аударуды талап етіп, Қытай көш­басшысының сөздерін келтірді.

«Ол қаламыздың келбеті айтар­лықтай жақсарғанын айтты. Бұл тіпті әлемдік державалардың ірі көш­басшыларының да Қазақ­стан­ға келген кезде қала­ла­ры­мыз­дың жағдайына назар ауда­ра­­тынын көрсетеді. Бұл, әрине, есте сақтау керек нәрсе», деді Мемлекет басшысы.

Өткен жылы Астана «Oxford Economics 2025» рейтингінде Азия бойынша 36-орынға көте­рілді. Oxford Economics зерттеуі әлемдегі ең ірі мың қаланы қам­тып, оларды бес санат бойынша бағалайды: экономика, адам капиталы, өмір сүру сапасы, қор­шаған орта және басқару саясаты. Астана Азияда 36, ал әлемде 276-орынға ие болып, аймақтағы өзге де танымал қалалардан асып түсті.

Сондай-ақ Астана әлемдегі ең үздік 50 ақылды қаланың қатарына енді. «Smart Centres Index 2025» рейтингінде Қазақстан астанасы Прага, Варшава, Будапешт, Лиссабон, Милан, Бангкок пен Мәскеуді жолда қалдырды. AIFC мәліметіне сәйкес, Астана өткен жылдың жаһандық Smart Centres Index 2025 (SCI 11) рейтингінде алты орынға көтеріліп, 46-орынға ие болды. Қала 654 ұпай жинаған. SCI БҰҰ мен Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ әлем сарап­шы­­ларының бағалауларына негіз­делген. Индекс қалаларды үш не­гізгі бағыт бо­йынша баға­лай­ды: инновацияны қолдау деңгейі мен заңнамалық база, шығармашылық және ғылыми қызметтің қарқындылығы және қала­ның технологиялық өнім­дерді енгізу мен жеткізу мүм­кін­дігі. Рейтинг 76 позицияны қамтиды.

Ақылды қалалар арасында Сан-Франциско әлемдік көш­бас­шы атанды. Цюрих пен Лондон екінші және үшінші орындарды иеленді. Оксфорд төртінші, ал Нью-Йорк алғашқы бестікке ілікті.

Астана сонымен қатар, швей­цариялық IMD бизнес мектебінің Smart City Index 2025 есебінде әлем бойынша 146 қала­ның ішінде 102-орынға ие болды. Бұл рейтинг тек техно­ло­ги­яның қолжетімділігін ғана емес, сондай-ақ қаланың инфра­­құ­рылымын бағалайтын тұр­ғын­­дардың сауалнамаларына негізделген. Елорда тұрғындары тұрғын үйдің қолжетімділігін, көлік кептелісі мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын басым мәселелер ретінде атап өткен. Қала онлайн қызметтерді да­мы­туда да жоғары бағаға ие. Тұрғындар жұмыс іздеу, дәрігерге жазылу, мұражай, көрмелерге билеттерді цифрлық платформалар арқылы еш кедергісіз сатып алатынын айтқан.

Бұған қоса, БҰҰ-ның элек­трон­дық үкіметті дамыту индек­сіне сәйкес, еліміз әлемде 24-орын алады. Азия бойынша Қытай мен Түркиядан озып, сегі­зін­­ші орында тұр. Есепке сәйкес, Қазақстан цифрландыру дең­гейі ең жоғары елдердің қатарында.

Осылайша, Астана – жаһан­дық деңгейдегі қарқынды дамы­ған қалаға айналып отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью