Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. "Күміс жас" жобасы аясында биыл тоғыз айда 50 жастан асқан 10,3 мың қазақстандық жұмысқа орналасты, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Өңірде 1 678 адам жұмыспен қамтылған.

Қарағанды облысында 1 093 адам,

Ақтөбе облысында 807 адам,

Жамбыл облысында 705 адам жұмыс тапқан.

"Жобаға қатысушылардың арасында әйелдер мен ауыл тұрғындары басым. Атап айтқанда, жұмыспен қамтылғандардың 54,7%-ын немесе 5 658 адамын әйелдер құрайды. Ал ауыл тұрғындарының үлесі 61%-ға жетіп, 6 324 адамды құрады", - деп жазылған хабарламада.

Қатысушылардың білім деңгейіне келсек, олардың 78%-ы орта білімді, 18%-ы техникалық және кәсіптік білімді, ал 4%-ы жоғары білімді азаматтар.

Айта кетері, "Күміс жас" жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – зейнеталды жастағы азаматтардың жұмысқа орналасуына көмектесу және оларды тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью