Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның алдағы жұмысына қатысты түсінік берді

03.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

- Бүгін Ата заң жобасының әрбір тақырыптық блогы бойынша комиссия мүшелерін тыңдадық. Конституция – бұл мемлекетіміздің Ата заңы және оның мазмұны, құрылымы мен логикасы жалпыға танылған халықаралық конституциялық тәсілдерге сәйкес қалыптасады. Конституция мемлекеттік саясат пен қоғамның дамуына қатысты стратегеялық қағидаларды, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығының кепілдіктерін бекітеді... Конституция жобасын талқылауды және қосымша түсіндіруді талап ететін мәселелер бойынша азаматтармен кері байланыс түрде пікірталасты келесі отырыста жалғастырамыз, - деді Э. Әзімова.

Оның айтуынша, жаңа Конституцияның жобасында Егемендік пен Тәуелсіздік, аумақтық тұтастық, елдің басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылған.

- Конституциялық комиссия тек жұмыс топтарының ұсыныстарымен шектелмеді. Жалпы, былтырғы қыркүйек айынан қоғамда талқылау басталды. Оның аясында тиісті жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші айында комиссия құрылғанын білесіздер. Бүгін баяндамашылар атап өткендейі, қазіргі кезде 2 мыңнан астам ұсыныс ел азаматтарынан келді. Сондықтан комиссия жұмысы ары қарай мемлекеттік органдармен, азаматтық ұйымдармен жалғасады, - деді Э. Әзімова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа преамбулада мемлекеттік шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылғанын айтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью