Ем абзалы ерте анықтау

17.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгінге дейін орталық мамандары АИТВ, AРT және ЖДП бойынша көптеген тренинг пен дөңгелек үстелдер ұйымдастыр­ды. Бұл өз кезегінде инфек­­ция­ға күдікті аза­маттар арасында АИТВ-ға тес­ті­ленушілердің ар­туына, кесел­дің анықталу деңгейінің жо­ғары­лауына, сондай-ақ ЖДП-ға қатысу­шылар санының өсуіне оң әсерін тигізді.

Бүгінгі таңда шаһарда «Сенім пунктері» мен жылжымалы зертха­налар жұмыс істейді. Әр азамат алыс­қа бармай-ақ жақын жерден ин­фекцияны анықтайтын тест тап­­­­сыра алады. Сонымен қатар ЖИТС орталығында және емхана­лар­­да ерікті түрде, анонимді тегін тек­­­серілу мүмкіндіктері қарас­тырылған.

Өз кезегінде медициналық мекеме зертханасында иммуно­логиялық қан анализіне ар­нал­ған заманауи Sysmex XF-1600 ағынды цитометр құрылғысы пайдалануға берілді. Оны орнатуға «IVD Holding» компаниясы демеушлік білдірді. Аталған аппарат АИТВ инфекциясы бар науқастардың иммундық жүйесінің негізгі көр­сет­кіші – CD4 жасушаларының са­нын анықтауға көмектеседі. CD4 мониторингі аурудың дамуын уақтылы бағалауға және анти­ретровирустық терапияның тиім­ділігін бақылауға мүмкіндік береді. Сондықтан медициналық құрал науқастардың уақтылы ем алуына керемет жәрдемін тигізіп отыр.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан хал­қы­на арнаған кезекті Жол­дауын­да: «Адамдар – біздің еліміздің ең үлкен байлығы» дей келе, ұлт денсаулығын жақсарту үшін ке­шенді шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өткен болатын. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу, диагностикалау мен емдеу дені сау ұлт қалыптастырудың алғы шебінде тұр. Жалпы, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде өзекті мәселе болып отыр. Бұл ретте еліміз осыдан бес жыл бұрын 2030 жылға қарай жүре пайда болған иммун тапшы­лығы синдромын жоюға және Жаһан­дық стратегияның мақсаттарына қол жеткізуге міндет алған еді. Соған сәйкес АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамның 95%-ы өз мәртебесін білуі керек. Екіншіден, АИТВ жұқтырғандардың 95%-­ы­ ем алуы қажет. Үшіншіден, пациенттердің 95%-ы тиімді емдік терапиядан өтуге тиіс. Қол­даныстағы бұйрықтарға сәйкес, қаламызда АИТВ жұқтыру қау­пі жоғары топтар арасында эпи­демиологиялық ахуал жіті бақы­ла­нады. Соның нәтижесінде анық­талған әрбір топ үшін біз жеке-жеке профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз. Атап айтқанда, егер жұмыспен қамтылған адамдар арасында ауру дерегі анықтал­са, дереу қалалық кәсіпкерлік және ин­дустриалды-инновациялық даму­ басқармасымен бірлесіп АИТВ инфекциясының алдын алу үшін жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын қолға аламыз. Сонымен қатар жұмыссыз адамдар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында АИТВ жұқтырғандар табылса, Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен емдеу мекемелерінде АИТВ инфекциясын жұқтыру жолдары, алдын алу жайында науқастарға ақ­параттық кеңес береміз. Инфекция туралы мәліметті халық­қа кең та­рату мақсатында қала­ның адам­дар көп жүретін аумақ­та­рында арнайы баннерлер орна­тып, тестілеу бойынша іс-ша­ра­лар атқарамыз. Жыл сайын мамыр­дың үшінші жексенбісінде дүниежүзінде ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күні атап өтіледі. Мұндағы мақсат – ЖИТС-тің таралуын тоқтату, қоғам назарын АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына ау­дарту, сонымен бірге дерттің алдын алу жұмыстарын күшейту», деді Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы кү­рес жөніндегі орталығының бас дәрігері Бекен Сырбек.

Маманның мәлімдеуінше, ден­саулық сақтау басқармасының бекітуімен вирустың анадан бала­ға жұғуының алдын алу үшін ар­найы дайындалған «АИТВ-инфек­циясы және жүктілік» жадынамасы медициналық ұйымдарда жүкті әйелдерге тегін таратылады. Орталық биыл көктемде қалалық білім басқармасының қолдауымен жастар арасында АИТВ және жы­ныс­тық жолмен берілетін инфек­цияларды болдырмау тақыры­бын­да ауқымды конференция өт­кізді. Оған басқарма өкілдері, білім беруші ұйымдардың басшы­лары мен ұстаздардан бөлек, мек­тептің жоғары сыныбында оқи­тын оқушылар да қатысты. Нәти­жесінде, білім саласына жауапты басқарманың келісімімен мектептерде психолог пен валеолог мамандар оқушыларға тұрақты түрде АИТВ инфекциясы жайында мәлімет беретін болды.

Бас дәрігердің айтуынша, АИТВ инфекциясы туралы халық арасында кең түсінік қалыптастыру үшін Жаһандық қордың демеуімен шығарыл­ған рилстер мен бейнероликтер жоғары және арнаулы, орта оқу орындарының, қала көшелерінің бойында тұрған LED экрандарға орналастырылды. Сонымен қатар емханалар жанындағы 9 Жастар денсаулық орталығында эпидемиолог дәрігер мен психолог маман жас-тар арасында жоспарға сәйкес ай сайын профилактикалық іс-шарасын өткізіп тұрады. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының таралуын тежеу, халықты ақпараттандыру және ерте анықтау.

Жалпы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық ЖИТС-тен қайтыс бол­ғандарды еске алу күніне орай, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті болдырмау, бұл инфекция жайында адамдардың білім, түсініктерін арттыру үшін жыл сайын ақпараттық-таным­дық іс-шараларды белсенді түрде ұйымдастырып келеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью