Ем іздеп шетел асатындарға отандық медицина көмектесе алады

26.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Күрделі ем-дом мен операциялар енді елімізде жасалады.

Бұрын дертіне шипа іздеп шетел асатын жерлестерімізге отандық медицина көмектесе алады. Мәселен, Астанадағы  заманауи орталықтар халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Қазірдің өзінде гибридті операциялар жасалып, талай жан дертінен құлан таза сауыққан.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Елімізде миға пышақсыз операциялар жасалады. Дәл қазір біз Ұлттық нейрохирургия орталығындағы гамма-пышақ құрылғысымен жасалып жатқан отаны көріп отырмыз. Операция 6 сағатқа созылады деді. Бұл қондырғымен соңғы 5 жылда 2300-дей адам ем алған. 

Ұлттық нейрохирургия орталығындағы бұл құрылғы Орталық Азия елдерінде тек Қазақстанда ғана бар. Мұндағы дәрігерлердің бұл құрылғы арқылы  жоғары радиоактивті сәулелермен ем жасауға мүмкіндігі бар. Отандық медицинадағы озық аппараттың игілігін ел азаматтары тегін көріп жүр. Ал медициналық туризммен келген шетелдіктер ақы беріп емделеді.

Жанерке Әшімова, нейрохирургия орталығының медициналық физигі:

- Мидың ішіндегі ісіктерді емдейміз одан бөлек тамырдың аномальді характеріне байланысты болатын, ауруларды ісіктерді қоса емдейміз. Жалпы алғанда гамма-нож әлем бойынша 400-ден астам құрылғы бар. Шетелден бізге келеді, көрші елдерден жиі келеді. Көбіне бізге Өзбекстаннан көп науқастар келді. Қырғызстаннан. Тәжік елінен. Осы жақтардан келген болатын. Украинадан болған науқастар да болды.   Осылай, қатерлі ісікпен, қатерсіз ісікпен де емделеді.

Сонымен қатар еліміздегі  радиациялық онкология бойынша көшбасшы саналатын - Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы да бар. Мұнда жыл сайын 12 мыңға жуық диагностикалық зерттеу мен жедел ота жасалады.  4 мың сәулелік және протондық терапия курсы, сондай-ақ 300-ден астам ағза мен сүйек кемігін алмастыру ем-шаралар жасалады. Ал протонды терапия – Орталық Азиядағы жалғыз орталық. Мұндай қондырғылар бүгінде әлемнің тек 24 елінде ғана жұмыс істеп тұр. Бұл терапия ми мен жұлын бойындағы ісікті емдей алады. Жалпы елде онкологиялық бағытта   6 сәулелік терапия, 19 эндоскопиялық орталық ашылды. Бұрын-соңды тек республикалық бейінді орталықтарда жасалған күрделі операциялар аудандық ауруханаларда да жүргізіле бастады. 

Жанар Жақыпбекқызы, ҰҒОО сәулелік терапия дәрігері:

- Платондық терапия бұл Қазақстанда енгізіп жатқанең заманауи, ең озық ем беру әдісі осы қараша айынан бастап алғашқы пациенттерімізді қабылдап бастадық. 2025 жылы 15 науқасымыз емін аяқтады. Қазіргі таңда осы қаңтар айында қосымша 16 науқасымыз емін аяқтады. Бүгінгі таңда 25, күніне 25 адам емін жалғастыруда.  Сонымен қатар бұл балалар онкологиясын да және қосымша бауыр ісігі, өңеш ісігі қуық асты безі сияқты диагноздарда қолдануға болады.  

Сондай-ақ Қазақстанға ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген. Ел экономикасының әлеуетін әлдендіретін медициналық туризмнің де тамырына қан жүгірген.  Мамандар еліміз Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы деп отыр. Себебі мұндағы 9 медициналық ұйым салада «Оскар» саналатын халықаралық JCI дәрежесін алған. Жоғары талап үдесінен табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. Мәселен, бүгінге дейін 80 мыңнан аса адам Қазақстаннан ем-дом алып қайтқан.

Айнұр Қуатқызы Шырын Батырбекқызы Жандос Битабаров

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью