Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Агенттік мәліметінше, аталған деректер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала есепке сәйкес, мемлекетке келтірілген жалпы шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

«Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында МӘМС аясында бөлінген қаражаттың іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген әрі тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылғаны анықталды», делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған кәсіпкерлердің медициналық мекемемен ешқандай келісімшарты болмаған. Олардың банктік деректемелері қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған. Нәтижесінде мемлекетке 501 млн теңгеден астам шығын келтірген екі күдікті қамауға алынды.

Астанада пәтер алып берем деген желеумен 500 млн теңге жымқырған әйел сотталды

Осындай қылмыстық схема арқылы ақша жымқыру фактісі елордада да анықталған. Астанада «Forte Clinic» жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаражат алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды заңсыз тіркеуге қатысты өтінімдерді мақұлдағаны үшін 3 жылға сотталды.

Тергеу барысында аталған клиникаға 15 мыңнан астам азаматтың заңсыз тіркелгені анықталды. Бұдан бөлек, Damu Med ақпараттық жүйесі арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделген.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары алаяқтарға банк шоттарын тауып берумен айналысқан

Бұдан бөлек, Алматы облысында «Mydental.kz» және «Стоматология Dr. Nurzhanova» клиникаларының басшысы стоматологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Тексеру барысында пациенттерге нақты медициналық қызмет көрсетілмегені белгілі болды. Ал жалған құжаттарды рәсімдеу үшін дәрігерлердің жазбалары мен кәмелетке толмағандардың жеке деректері пайдаланылған. Соның салдарынан 4,5 мыңнан астам жалған медициналық қызмет көрсету фактісі тіркеліп, мемлекетке 66 млн теңге шығын келген», делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі МӘМС жүйесіндегі заңсыз қаржы алу схемаларын анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 443 млн теңге жымқырғаны үшін жедел жәрдем станциясының бұрынғы басшысы сотталған болатын. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью